Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Мақтааралдық полицейлер жоғалған бір үйір жылқыны тәулік ішінде тапты

Мақтааралдық полицейлер жоғалған бір үйір жылқыны тәулік ішінде тапты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Мақтаарал аудандық полиция бөліміне жергілікті тұрғын арызданды. Арызданушы жайылымдық жердегі 13 жылқысының жоғалып кеткенін айтады. Жоғалған жылқыларды тез арада табу үшін аудандық полиция бөлімінің тәжірибелі полицейлерінен бірнеше мобильдік топ құрылды. Олар ауылдың шығар жерлерін тексеріп, жылқылар жайылатын аймаққа қарай бірден бағыт алып, іздестіруді бастады.

Ауыл-аймақтың барлық жайылымдық жерлеріне тінту жүргізіп, көрген-білген тұрғындардан сұрақ-жауаптар алды. Сонымен қатар мал базарлар мен мал тасымалдайтын көліктер тыңғылықты тексерілді. Нәтижесінде полицейлер жылқыларды 30 шақырым жердегі көрші ауылдың жазық даласынан тауып, ауылға жеткізіп, иесіне тапсырды.

– Тәртіп сақшылары жылқыларымды күн-түнге қарамастан іздестіріп, тауып берді. Тәжірибелі полицейлердің арқасында жылқыларым дін аман табылып отыр. Алғысым шексіз. Рақмет сіздерге, – деді мал иесі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру