Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда полицейлер ЖБО камералары арқылы көлік ұрлығын ашты

Павлодарда полицейлер Volkswagen Touareg көлігін айдап кеткен күдіктіні "ізін суытпай" ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодарда тұрғынның ауласында тұрған көлігін белгісіз адам айдап кеткен.

Оқиға орнына келген тәртіп сақшылары анықтағандай, әйел таңертең сөмкесін үйде қалдырғанын есіне түсіріп, оны алып қайту үшін қысқа уақытқа подъезге кірген. Сол уақытта күдікті оталып тұрған көлікті мініп кеткен.

– Дабыл бойынша дереу көлікке бағдар беріліп, барлық бөлімшеге хабарланды, бекеттер қойылды, – деді Павлодар облысы ПД ЖБО бастығының міндетін атқарушы Гомар Шабиденов.

ЖБО бейнебақылау камералары мен жедел әрекеттердің арқасында ұрланған көлік бірден табылды. Автокөлік 20 минут ішінде табылып, күдікті ұсталды.

Қазіргі уақытта көлік құралын заңсыз иемдену фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру