Орыс драма театрының әртістері Қостанай полицейлеріне шеберлік сабағын өткізді
Орыс драма театрының әртістері Қостанай полицейлеріне шеберлік сабағын өткізді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Алғашқы таныстыру сабағын Қостанай облыстық орыс драма театрының бас режиссері Эдуард Шахов пен актер Руслан Бушинский Қостанай облысы Полиция департаментінің мәжіліс залында өткізді.
– Біз полицейлермен жемісті және ұзақ уақыт жұмыс істеп келеміз. Мәселен, бірнеше жыл бұрын бізде «Қиылыстағы детектив» бірлескен қойылымы болды. Актерлік шеберлікті оқыту – бұл біздің кезекті жобамыз. Ол бірінші кезекте полиция қызметкерлеріне өте пайдалы болады деп үміттенеміз. Бұл кәсіпте қарым-қатынас маңызды. Қазіргі уақытта полиция қызметкерлерінің алдына бұл міндеттер, ең алдымен, қоғам алдына қойылды, – деп атап өтті Қостанай облыстық орыс драма театрының директоры Юрий Ивлев.
Бірінші сабаққа патрульдік қызмет мамандары қатысты. Тәртіп сақшыларының айтуынша, мұндай білім оларға қажет.
– Бұл біз іс жүзінде қолданатын өте қызықты және тағлымы мол шеберлік сағаты. Ең бастысы пайдалы іс болды. Алдағы уақытта дауыс пен интонацияны жақсарту бойынша оқуды жалғастыруды жоспарлап отырмын, – деп бөлісті Қостанай облысы ПД патрульдік полиция инспекторы Медет Қойшығұлов.
ІІМ жүйесін реформалау аясындағы барлық іс-шаралар халықтың сеніміне қол жеткізуге бағытталғанын атап өту қажет. Осыған байланысты бұл білім тәртіп сақшыларының құзыретін кеңейтеді.
– Менің полицейлермен жұмыс тәжірибем бар. Себебі бұған дейін Ресейдің Уфа қаласында тәртіп сақшылармен осындай шеберлік сағаттарын өткіздім. Біз мұндай сабақтарды басқарушы құраммен де, қарапайым полицейлермен де тұрақты негізде ұйымдастырып тұрамыз. Осы бағытта табысқа жету, құлшынысқа байланысты, – деп атап өтті Эдуард Шахов.
Театр актері Руслан Бушинский полицейлермен бірнеше практикалық сабақтар өткізді. Жаттығулар арқылы ол полицейлерге сөйлеу кезінде дұрыс тыныс алуды және актерлер қолданатын басқа әдістерді көрсетті.
– Бүгін бізде кіріспе сабақ болды. Біз дұрыс сөйлеуге баса назар аудардық. Себебі полицейлер үшін бұл өте маңызды және өзекті. Өйткені олар халықпен үнемі байланыста болады. Дауысыңызды басқаруды үйрену үшін үш ай бойы аптасына үш рет сабақ өткізу керек, – деп бөлісті ол.