Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Алматы облысының полицейлері бөтелкелесін пышақтап өлтірген күдіктіні ұстады

Алматы облысының полицейлері бөтелкелесін пышақтап өлтірген күдіктіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

1 қаңтарда Қарасай аудандық Полиция басқармасында 46 жастағы ер адамды өлтіру дерегі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Масаң күйдегі жанжал кісі өліміне ұласқан.

– Жүргізілген жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижелері бойынша жоғарыда аталған қылмысты жасағаны үшін марқұмның әйелінің 33 жастағы бауыры анықталып, ұсталды. Ол өз кінәсін толық мойындап отыр. Куәгерлердің айтуынша, ішімдік ішу барысында жәбірленуші мен күдіктінің арасында ауызша жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Нәтижесінде ұсталған адам жәбірленушінің мойнына бірнеше рет пышақ жарақатын салған, – деді ведомство өкілдері.

Аталған дерек ҚР ҚК-нің 99-бабының 1-бөлігі бойынша Қарасай ауданы ПБ-да тіркелді. Қазіргі уақытта аталған азамат УҰИ-ға қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру