Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көлік жүргізу құқығынан айырылған Ақмола тұрғыны досының көлігін заңсыз айдап кеткен

Көлік жүргізу құқығынан айырылған Ақмола тұрғыны досының көлігін заңсыз айдап кеткен, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақмолалықтың бұл әрекеті ұзаққа бармай, ол полиция қызметкерлерінің назарына ілікті.

8 қаңтарға қараған түні сағат 02:00 шамасында патрульдік полиция батальонының взвод командирлері Мәди Шарипов мен Дәуренбек Уразалин Сарыарқа ш/а мен Ғабдуллин көшесі қиылысында облыс орталығының көшелерін патрульдеу кезінде Атбасар қаласының 30 жастағы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ-2121 автокөлігін тоқтатты. Құжаттарды тексеру кезінде полицейлер жүргізушіден шыққан алкогольдің иісін сезіп, оны көлік құралын басқарудан шеттетті.

Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес, жүргізуші орта дәрежелі мас күйінде болған. Тексеру кезінде бұл азамат былтырғы жылы 7 жыл мерзімге көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы анықталды.

Осы факт бойынша ҚР ҚК-нің 346-бабы 1-бөлігіне (Көлік құралдарын басқару құқығынан айырылған және алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болған адамның көлік құралын басқаруы) сәйкес сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Көлік айып тұрағына қойылды.

Кейінірек белгілі болғандай, қаскөй Нива көлігін облыс орталығының күзет фирмаларының бірінде жұмыс істейтін досынан ұрлап кеткен. Досына келіп, алкогольдік ішімдіктерді ішкен жас жігіт аулада тұрған досының қызметтік көлігімен жүріп келуді шешкен. Осы фактіге сәйкес ҚР ҚК-нің 200-бабы 1-бөлігі (Автокөлікті заңсыз иемдену) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.
Ешқайда кетпеу туралы жазылым түріндегі бұлтартпау шарасы таңдалды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру