Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Боранды күні Түркістан полицейлері 80-нен астам көлікті қар құрсауынан шығарды

Боранды күні Түркістан полицейлері 80-нен астам көлікті қар құрсауынан шығарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Түркістан облысының полицейлері 9 қаңтардан бастап күндіз-түні кірпік қақпастан күшейтілген режимде қызмет атқарып жатыр. Барынша тұрғындарға сақ болуды және үйден шықпауды ескертеді. Оқиға орнынан хабарламалар таратып, тұрғындарды сақтандырып жатыр.

Мәселен, Түркістан облысы ПД Жергілікті полиция қызметі басқармасының патрульдік полиция батальонының қызметкерлері 2 күнде 60-қа жуық автокөлікті қардан тазартып, жүріп кетуіне жәрдем еткен. Сондай-ақ жол жиегіне шығып кеткен 12 жеңіл автокөлік пен 10 жүк көлігін қар құрсауынан сүйреп шығарып көмектескен.

Республикалық маңызы бар жол болғандықтан полицейлердің қызметіне куә болған жүргізушілер тәртіп сақшыларының жедел әрекет еткеніне риза болып, алғыстарын білдіріп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру