Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Өскемен – Алтай-Рахман қайнары» автомобиль жолында ақпараттық панно орнатылады

Республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай-Рахман қайнары» автомобиль жолында ақпараттық панно орнатылады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың алты айында республикалық маңызы бар автомобиль жолдарында 50 жол-көлік оқиғасы тіркелді.

Жол-көлік оқиғаларының пайда болуының негізгі себептері – жылдамдық режимі мен маневр жасау ережелерінің бұзылуы болып табылады.

2021 жылғы 15 мамырда «Өскемен – Алтай-Рахман қайнары» автомобиль жолымен келе жатқан жүк автомобилінің жүргізушісі рульді басқара алмай, 25 шақырым жүріп өтіп, көліктің аударылып қалуына жол берді. Оқиға орнында төрт адам көз жұмды.

Осыған ұқсас жол-көлік оқиғасы 2021 жылдың 6 маусымында орын алды, онда жүк көлігінің жүргізушісі тас жолдан шығып, жартасқа соғылған. Нәтижесінде аталған көліктің жүргізушісі Өскемен қаласының бірінші қалалық ауруханасына жеткізілді.

2021 жылдың 11 маусымында осы автожолдың 23-ші шақырымында жеңіл автокөліктің жүргізушісі қарсы қозғалыс жолағына шығып, қарсы келе жатқан автокөлікпен соқтығысуға жол берді. Осы оқиғаның нәтижесінде екі адам түрлі дәрежедегі дене жарақатын алды.

Жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету және республикалық маңызы бар «Өскемен – Алтай-Рахман қайнары» автомобиль жолында апаттылықты төмендету мақсатында авариялық-қауіпті учаскесін көрсету үшін ақпараттық панно орнатылады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру