Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер 60 адамдық тойды тоқтатты

Шымкенттік полицейлер 60 адамдық тойды тоқтатты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Еңбекші ауданының полицейлері Тәуке хан даңғылы бойында орналасқан мейрамхананың карантиндік талаптарды сақтамай, той өткізіп жатқанын анықтады. Аталған тойхана эпид ахуалға қарамай, 60 адамға арналған «Жүзік салу» тойын өткізгені белгілі болды. Сонымен қатар мекеме жұмысшылары келген қонақтардың дене температурасын тексермей кіргізіп, оларға медициналық бетпердесіз қызмет көрсеткен.

Аталған жайт бойынша мекеме әкімшісі мен той иесіне ҚР ӘҚБтК-нің 425-бабымен (Халықтың санитариялық-эпидемиологиялық саламаттылығы саласындағы заңнама талаптарын, сондай-ақ гигиеналық нормативтердi бұзу) шара қолдану үшін Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасына жолданды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру