Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

СҚО-да жыл басынан ескі паспорттары бар 37 адам ҚР азаматтары атанды

СҚО-да жыл басынан ескі паспорттары бар 37 адам ҚР азаматтары атанды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Петропавл әлеуметтік бейімдеу орталығы бастығының міндетін атқарушы Қуаныш Тәжібаев көші-қон қызметінің аға инспекторы Дарина Сүлейменоваға алғыс білдірді.

Орталыққа құжаты жоқ 75 адам жүгінген. Ол өмір бойы Қазақстанда тұрып келген, мектепті аяқтап, жұмыс істеген. Барлық құжаттары: туу туралы куәлігі мен 1974 жылғы үлгідегі паспорты ертеде жойылған.

– Өмірдің қиын жағдайына тап болған ол уақтылы сәйкес органға жүгіне алмаған. Көші-қон қызметінде оған қажетті құжаттарды тезірек жинауға көмектескен, кейін қысқа мерзім ішінде оны Қазақстан Республикасының азаматы деп танып, жеке куәлік берілген. Өз міндеттерін адал атқарғаны және адамдарға ілтипаттылық танытқаны үшін алғыс білдіреміз, – деп айтылған СҚО ПД бастығы Марат Төлебаевтың атына жазылған алғыс хатта.

Әлеуметтік жұмыс жөніндегі маман Татьяна Фролованың айтуынша, полициямен іс-қимыл жасау ұдайы жүргізіледі. Жыл басынан Орталықтың өтініштері бойынша 16 адамға құжат берілді, қазіргі уақытта тағы үш адамды құжаттандыру бойынша жұмыс жүргізілуде.

– Қиындық туғызғаны, аталған адам бірден өзі жайлы толық дерек бермеген. Бұрын ескі үлгідегі паспортпен Павлодар қаласында құжатталғаны белгілі болды. Біз ол жақтан қажетті мәліметтерді сұраттық. 8 маусымда ер адамды ҚР азаматы деп тану туралы шешім қабылданды. Енді ол өзге де қазақстандықтармен бірдей зейнетақы мен барлық мемлекеттік қызметтерді ала алады, — дейді полиция капитаны Сүлейменова.

Жыл басынан СҚО-да 1974 жылғы үлгідегі паспорттары бар 37 адам  мен бұрындары уақтылы құжаттарын алмаған 40 адам ҚР азаматтары деп танылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру