Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақтөбелік полицейлер Қырғызстан азаматына жоғалған сөмкесін қайтарды

Ақтөбелік полицейлер Қырғызстан азаматына жоғалған сөмкесін қайтарды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Қырғызстан азаматы Қырғызстаннан Ресейге қарбыз тасымалдайды. Ырғыз кентінің маңында ол “Айнагүл” дәмханасында тамақтанып, сол дәмханада құжаттар мен ақша салынған сөмкені қалдырып кетеді. Кейінірек Хромтау қаласына жақындаған сәтте сөмкесінің жоқтығын байқайды. Жол бойында патрульдік полиция жасағы кездесіп, ер адам барлық мән-жайды түсіндіреді.

Полиция қызметкерлері дереу “Самара-Шымкент” тас жолының бойындағы барлық кемпингтерге қоңырау шалып, сұрастырады. “Айнагүл” кафесінің әкімшілігіне хабарласқан кезде, келушілердің бірі сөмкесін ұмытып кеткенін, сейфте тұрғанын айтып, растады.

Полиция қызметкерлері сейфтегі сөмкені көлік арқылы беріп, жіберуді сұрады. Сөмкені алдынан күтіп алып, ер адамға табыстады.

– Полиция қызметкерлері Абат Меңдібаев пен Камуллжан Нұрылаевтың жұмысына алғысымды білдіремін. Олар менің сөмкемді тапты, ондағы барлық құнды заттар түгел,- дейді Қырғызстан азаматы өзінің бейне үндеуінде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру