Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен полицейлері есірткі қойып кетушіні ұстады

Өскемен полицейлері есірткі қойып кетушіні ұстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

18 жастағы жігіт синтетикалық есірткіні қойып кетуді жүзеге асырды деп күдіктеліп отыр. Полиция қызметкерлері оны жедел-іздестіру шаралары барысында ұстады. Тінту кезінде тәртіп сақшылары жас жігіттен жалпы салмағы шамамен 15 грамм болатын “a-PVP” есірткі затын тапты, бұл шамамен 50 реттік доза. Осы факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.

Күдіктіге есірткі құралдарын, психотроптық заттар мен олардың аналогтарын өткізу мақсатында заңсыз сатып алғаны, сақтағаны, тасымалдағаны не өткізгені үшін қылмыстық жауапкершілік көзделеді. Қазіргі уақытта күдікті соттың санкциясымен қамауға алынды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру