Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғындары павлодарлық полицейлерге алғысын білдірді

Павлодарлық полицейлер тас жолда көлігінің жанар-жағармайы қатып, тоқтап қалған Өскемен тұрғындарына көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Полиция департаментінің бастығы Нұрлан Мәсімовтің атына Өскемен қаласының тұрғынынан алғыс түсті. Ер адам Павлодар облысы патрульдік полиция ротасының инспекторлары Тілеген Сыздықов пен Багдат Сауытовқа қиын жағдайда оған және оның серіктесіне көрсеткен көмегі үшін алғысын білдірді.

– Тілеген Сыздықов пен Багдат Сауытовқа ауа райы қолайсыз кезінде көрсеткен мейірімділігі, қайырымдылығы және көмегі үшін шын жүректен алғыс айтамын. Олар – жауапкершілігі зор, нағыз полиция қызметкерлері. Егер қызметкерлер жақын жерде болмаса, біздің жағдайымыздың қандай болуы мүмкін екенін елестету де қорқынышты. Жолаушы үшін ең жаман нәрсе – айдалада қатты аязда тоқтап қалған автокөлікпен қалу. Біз дәл осы жағдайға тап болдық, – деп бастады ол.

Қалааралық жолаушылар тасымалымен айналысатын жүргізуші 25 қаңтарда өзінің серіктесімен Өскеменнен Қарағандыға өзінің «Mercedes-Benz Sprinter» микроавтобусымен жолға шыққан. Өкінішке орай, 40 градус аязда сағат 05.00-де бензин багында жанармай азайып, қатып қалған, соның салдарынан автомобиль тоқтап қалған.

– Таңғы уақытта тас жолда өтіп бара жатқан көліктер болған жоқ, жолдың бұл бөлігінде ұялы телефонмен байланысқа шығу мүмкіндігі де болмады. Біз мұздаған көлікте бір сағаттан астам уақыт отырдық және көмек күтуден үміт үзе бастадық. Бақытымызға орай, бұл уақытта Павлодардан 80 шақырым жерде полиция қызметкерлері жолды патрульдеп жүрген екен, олар жол жиегінде тұрған автокөлікті байқап, мән-жайды сұрағаннан кейін бізді жылы қызметтік автокөлікке ауыстырып, қалаға жеткізіп, одан әрі жол жүру үшін жанармай сатып алуға көмектесті. Сондай-ақ, біздің телефон нөмірімізді алып, сағат сайын хабарласып тұрды, – деді алғысын білдірген азамат.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру