Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қарағанды облысында қаскүнем зейнеткерді тонап кеткен

Қарағанды облысында зейнеткерді тонап кеткен азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтарда Қарағанды облысы Теміртау қаласының ПБ Ескіқалалық полиция бөліміне 78 жастағы қала тұрғыны жүгінді. Зейнеткер үйдің кіреберісіне кіргенде өзіне белгісіз біреудің шабуыл жасағанын айтып шағымданды.

Қаскүнем қариядан ішінде құжаттары бар 15 мың теңге тұратын әмиянын тартып алып, қашып кеткен.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция қызметкерлері осы қылмысты жасаған 43 жастағы ер адамды анықтап, ұстады. Ол кінәсін мойындады.

Бұл факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 191-бабымен (Тонау) қылмыстық іс қозғалды. Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру