Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Қызылордада біреудің көлігінен әмиян ұрлаған азаматша ұсталды

Қызылордалық полицейлер бөтен біреудің көлігінен әмиян ұрлаған азаматшаны анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

25 қаңтар күні Қызылорда қалалық Полиция басқармасына 41 жастағы қала тұрғыны арызданған. 

Ол арызында 24 қаңтар күні кешкілік уақытта көлік жуу орталығына қалдырған “Lexus-570” маркалы автокөлігіндегі әмиянынан 137 000 теңгесінің ұрланғандығын көрсеткен.

Тәртіп сақшыларының жедел-іздестіру жұмыстарының нәтижесінде осы қылмысқа қатысы бар 32 жастағы азаматша анықталып, ұсталды. Ол облыс орталығының тұрғыны болып шықты.

Аталған дерек бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 188-бабының 1-бөлігіне (Ұрлық, яғни бөтеннің мүлкін жасырын жымқыру) сәйкес сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру