Өскемен тұрғыны 30 келіге жуық балықты құжатсыз тасымалдаған
Өскемен тұрғыны 30 келіге жуық балықты құжатсыз тасымалдаған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
13 сәуірде ШҚО ПД патрульдік полиция батальонының қызмет инспекторлары Өскемен-Самар бағытында қызмет атқару кезінде 30 жастағы Өскемен қаласы тұрғынының басқаруындағы ВАЗ автокөлігін тоқтатқан.
Көлікті тексеру кезінде жүксалғыштан рұқсат құжаттары жоқ 30 келіге жуық балық табылды. Бұл балық Көкпекті өңірінен ауланғаны анықталды.
Аталған азаматқа қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 383-бабы 1 бөлігі (Балық аулау және балық ресурстары мен басқа да су жануарларын қорғау қағидаларын бұзу) бойынша 10 АЕК мөлшеріндегі айыппұл салуды көздейтін әкімшілік хаттама толтырылды.