Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскемен тұрғынынан Калашников автоматының патрондары табылды

Өскемен тұрғынынан Калашников автоматының патрондары табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

ШҚО полицейлері қоғамдық қауіпсіздікті қамтамасыз ету, сондай-ақ атыс қаруын заңсыз айналымнан алып тастау бойынша жүргізіліп жатқан жедел-профилактикалық іс-шаралары аясында ағымдағы жылдың қараша айының соңында Өскемен қаласы тұрғындарының бірі үйінде ойық қару патрондарын заңсыз сақтайтыны туралы жедел ақпарат алды.

Келіп түскен ақпаратты тексеру барысында облыс орталығының 64 жастағы тұрғыны анықталды, ол сейфте қаруға арналған 20 патронды сақтаған.

Сарапшының қорытындысына сәйкес 7,62 мм калибрлі патрондардың бірі Калашников автоматынан атуға арналған және 7,62 мм калибрлі ойық атыс қаруына арналған оқ-дәрілер. Ал қалған 19 патрон ойық және аралас аңшылық қарудан атуға арналған 5,6х39 мм аңшылық патрондар. Патрондар зауыттық әдіспен жасалған және атуға жарамды.

– Аталған факті бойынша ҚР ҚК-нің 287-бабы 3-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды. Оқ-дәрілердің аталған азаматта болу мән-жайлары анықталуда, тергеу нәтижелері бойынша процестік шешім қабылданатын болады, – деді ПД бастығы Сағат Мадиев.

Аталған баптың санкциясы бес жылға дейін бас бостандығынан айыруды көздейді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру