Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Түркістанда 2 дана ноутбук ұрлаған ер адам ұсталды

Түркістанда екі дана ноутбук ұрлаған ер азамат ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарығаш АПБ-ға жергілікті тұрғын арызданған. Онда жәбірленуші бойжеткен өзінің жұмыс жасайтын орнына белгісіз біреу есікті бұзу арқылы кіріп, екі дана ноутбугын ұрлап кеткенін көрсеткен. Жәбірленушіге келтірілген залалдың көлемі 400 мың теңгені құрады. Тәртіп сақшылары аталған жайтты ҚР ҚК-нің 188-бабы (Ұрлық) бойынша СДТБТ-ға тіркеді.

Хабар алысымен қырағы полицейлер тобы жедел әрекет ету арқылы ұрлық жайты болған орынға бағыт алды. Көрген-білгендерден сұрады. Нәтижесінде тәулік ішінде күдіктіні қала көшелерінің бірінен қолға түсірді. Ол Келес ауданының тұрғыны орта жастағы ер азамат болып шықты. Күдікті қолды еткен ноутбуктарды сатып үлгермеген. Полицейлер күдіктіден ұрланған заттарды тәркілеп алды. Қазіргі таңда күдіктіге қатысты сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Түркістан облысының полицейлері жеке мүлікке мұқият болып, сақтық шараларын қолдану қажеттілігін ескертеді. Мүліктің кез келген түріне қырағылықпен және жауапкершілікпен қарағанда ғана ұрлықты азайтуға болады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру