Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңгеден астам қарыз
Өскеменде әкесі қызына 4 млн теңгеден астам қарыз, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Облыс орталығынын алимент төлемеген ер азаматы өзінің 14 жастағы қызына 4 320 250 теңге қарыз болып қалды.
Тамыз айында көші-қон қызметінің қызметкерлері ер адамға жеке сот орындаушысының 2021 жылдың ақпан айынан бастап алимент төлеуден жалтарған 36 жастағы азаматқа іздеу жариялау туралы қаулысы арқылы шықты.
- Іздестіру іс-шаралары барысында көші-қон қызметінің қызметкерлері алимент төлеуден жалтарып жүрген адамның орналасқан жерін көп ұзамай анықтады. Енді қарызды өндіріп алумен сот орындаушылары айналысады, - деді КҚБ бастығының міндетін уақытша атқарушы Ринат Шкибаев.
Жыл басынан бері ШҚО Полиция департаменті алимент төлемей жүрген 100-ден астам адамды анықтады.
ШҚО ПД көші-қон қызметі атқару құжатын орындамағаны үшін ҚР ӘҚБК 669-бабы бойынша әкімшілік жауапкершілік және ҚР ҚК 139-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілік көзделгенін ескертеді.