Өскеменде Ауғанстаннан келген студенттерге көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізілді
Өскеменде Ауғанстаннан келген студенттерге көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізілді, - деп хабарлайды Polisia.kz.
БҰҰ-ның Қазақстандағы көші-қон жөніндегі агенттігі халықаралық ұйымы ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізді.
- Семей қ. медицина академиясының 3-курсында оқитын біздің облыста уақытша тұратын 3 студентке гуманитарлық көмек көрсетілді, - деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.
Сонымен қатар, 18 желтоқсанда Халықаралық мигрант күні атап өтілетінін атап өткіміз келеді.