Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Өскеменде Ауғанстаннан келген студенттерге көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізілді

Өскеменде Ауғанстаннан келген студенттерге көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

БҰҰ-ның Қазақстандағы көші-қон жөніндегі агенттігі халықаралық ұйымы ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасымен, Қазақстан Республикасындағы Адам құқықтары жөніндегі уәкілмен, сондай-ақ Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігімен бірлесіп, Ауғанстан Ислам Республикасының азаматтарына көмек көрсету бойынша гуманитарлық акция өткізді.

– Семей қ. медицина академиясының 3-курсында оқитын біздің облыста уақытша тұратын 3 студентке гуманитарлық көмек көрсетілді, – деді ШҚО ПД көші-қон қызметі басқармасының бастығы Ербол Бекпаев.

Сонымен қатар, 18 желтоқсанда Халықаралық мигрант күні атап өтілетінін атап өткіміз келеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру