Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкенттік полицейлер жоғалған мүмкіндігі шектеулі алматылықты тапты

Шымкенттік полицейлер жоғалған мүмкіндігі шектеулі алматылықты тауып, туыстарына тапсырды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласы Әл-Фараби ауданының полицейлері қала аумағында адасып жүрген Алматы қаласының тұрғынын тауып, жақындарына аман-есен тапсырды.

Белгілі болғандай, Алматы тұрғыны Шымкент қаласына қонаққа келген. Бірақ бұл туралы 52 жастағы ер адам өзінің отбасына хабарламаған. Осыдан кейін оның қызы Алматы қаласының полицейлеріне жүгініп, әкесінің жоғалғаны жөнінде хабар берген.

Нәтижесінде, алматылық тұрғынды Әл-Фараби ауданы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары еріктілермен бірлесіп, Қырғы базар аумағынан тауып, жақындарына тапсырды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру