Өскеменде волейболдан «Динамо» ДСҚ чемпионаты өтті
Өскеменде волейболдан «Динамо» ДСҚ чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың 26 қарашасында Өскемен қаласындағы «Динамо» спорт кешенінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығына арналған құқық қорғау органдарының, арнайы және күштік құрылымдардың ардагерлері арасында волейболдан «Динамо» ДСҚ чемпионаты өтті.
Чемпионатқа бес команда қатысты: ШҚО ПД, ШҚО ТЖД, ШҚО МКҚБ, 2034 Ә/Б, Өскемен қ. ПБ. Барлығы 45 қатысушы.
Чемпионаттың ашылу салтанатында Қазақстан Республикасының Әнұраны шырқалды, ШҚО ПД бастығының орынбасары, полиция полковнигі Р. Унарбеков, «Динамо» ДСҚ ШҚО төрағасының бірінші орынбасары отставкадағы полковник Е.С. Жұмаділов, ШҚО ОВВД , ҰҰ облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы отставкадағы полковник Н. Г. Үдербаев құттықтау сөз сөйлеп, қатысушыларға адал күрес, қызметтік даярлықта табыс тіледі.
Ымырасыз ойындар барысында финалға ең мықты үш команда шықты: ШҚО ПД, ШҚО бойынша ТЖД және ҚР ҰҚК ШҚ және финалдағы ең әсерлі ойын басталды. 2:0 есебімен ШҚО ПД командасы жеңіске жетті.
Ойын нәтижелері бойынша орындар келесідей бөлінді:
– 1 орынды ШҚО ПД командасы алды;
– 2 орынды ШҚО ТЖД командасы алды;
– 3 орынды ҚР ҰҚК ШҚ командасы алды.
Жеңімпаз командалар жүлделі орындар үшін «Динамо» ДСҚ дипломдарымен және медальдарымен марапатталды.
Номинация бойынша:
– «Үздік байланыстырушы» – ҚР ҰҚК ШҚ Тілеубергенов Руслан;
– «Үздік шабуылшы» – ШҚО ТЖД Мұқашев Амангелді;
– «үздік бұғаттаушы» – ШҚО ПД Шәкіров Бауыржан.
Жеңімпаздар «Динамо» ДСҚ-ның бағалы сыйлықтарымен және грамоталарымен марапатталды.