Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысында футболдан жарыс өтті

Тұңғыш Президент күні мерекесіне орай Түркістан облысында футболдан жарыс өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Отырар ауданы ПБ-да Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күні мерекесіне орай саптық байқау өткізді.

Сонымен қатар Отырар аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Отырар ауданы бойынша ІІО ардагерлер кеңесінің төрағасы Жұмақан Әбдіқадыровтың қатысуымен Қазақстан Республикасының осы уақытқа дейін жеткен жетістіктері талқыланып, Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаевтың тарихи рөлі және жүріп өткен жолы туралы бейнероликтер көрсетілді. 
Оған қоса Түркістан облысы ПД бастығының бұйрығымен полицияның имиджіне, сервистік полицияның дамуына үлес қосқан 10-нан астам тәртіп сақшылары алғыс хатпен марапатталды.

Сондай-ақ Отырар ауданы ПБ ғимаратында орналасқан спорт кешенінде жеке құрам арасында кіші футболдан жарыс ұйымдастырылып жүлделі І, ІІ, ІІІ орындарға қаржылай сыйлықтар тағайындалды. Жүлделі І- орынды Отырар ауданы ПБ Уақытша ұстау изоляторының полицейлері жеңіп алса, ІІ-ші орында Жергілікті полиция қызметі бөлімінің Патрульдік полиция тобының қызмет инспекторлары, ал ІІІ-ші жүлделі орынды аудандық ПБ жедел уәкілдерінен құрылған команда жеңіп алды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру