Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды
Өскеменде жол ережесін 84 рет бұзған көлік жүргізушісі анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz
Өскемен қаласының Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының жеке құрамымен жол қозғалысын қадағалаудың тиімділігін арттыру үшін «Қорғау – қауіпті жүргізуші» мобильді қосымшасы пайдаланылады. Ол арқылы полицейлер Сергек камерасынан видеоны бірден көре алады және нақты уақытта келесі бұзушылықтары бар автомобильдерді бақылай алады: жалған мемлекеттік нөмірлер; техникалық тексеруден өтпеген; сақтандыру полисінсіз пайдаланылатын; іздеуде, оның ішінде айыппұлдарды қасақана төлемеген көліктер.
– Өскемен қаласы бойынша жол қозғалысы саласында 3400-ден астам әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. Бұдан басқа, төленбеген айыппұлдары бар көлік құралдарын ұстау бойынша жұмыстар жүргізілуде. Сонымен полиция қызметкерлері осы қосымшаның көмегімен Ресей Федерациясының тіркеу есебімен BMW көлігін ұстады, оның жүргізушісі жол ережесін 84 рет бұзған. Айыппұл сомасы 2,4 млн теңгені құрады, – деп түсіндірді Өскемен қаласы ПБ бастығы Андрей Мула.
Қосымшаның негізгі функцияларының бірі – қауіпті жүргізушілерді анықтау. Сергек камералары арнайы алгоритмдердің көмегімен жолдарда қауіпті жағдай туғызатын жүргізушілерді анықтайды. Бағдарлама олардың орналасқан жерін берілген радиуста көрсетеді. Полицейлер жедел-профилактикалық іс-шаралар кезінде мұндай көлікті тоқтатып, шара қолдана алады.