Өскеменде ЖШС қызметкері 2,7 млн теңгені талан-таражға салған
Өскеменде ЖШС қызметкері 2,7 млн теңгені талан-таражға салған, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Өскеменде ЖШС-нің бірінің экспедиторы ұйымға тиесілі 2 741 864 теңгені заңсыз иемденіп, талан-таражға салған.
– Жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Өскемен қаласы Полиция басқармасы Үлбі полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған 28 жастағы Глубокое ауданының тұрғыны болып шықты, – деді Өскемен қаласы Полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Орал Рыспаев.
Қазіргі уақытта ҚР ҚК 189-бабы 2-бөлігі (Сеніп тапсырылған бөтен мүлікті иемдену алу немесе талан-таражға салу) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр.