«Отбасы күні» мерекесі: Панфилов ауданының полицейлері көп балалы жанұяны мерекемен құттықтады
Алматы облысы Панфилов ауданының полицейлері көп балалы жанұяны мерекемен құттықтап, сыйлықтарын табыстады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Жыл сайын қыркүйектің екінші жексенбі күні елімізде Отбасы күні мерекесі атап өтіледі. Биыл мереке 13 қыркүйекке дәл келеді. 2013 жылы бекітілген мерекенің негізгі мәні – мүгедек балалар тәрбиеленіп жатқан толық емес, көп балалы отбасылар мен отбасылардың проблемаларын шешуге көңіл бөлу.
Мереке қарсаңында Панфилов ауданының тәртіп сақшылары ішкі істер органдарында қолайлы емес отбасы тізімінде тұрған көп балалы жанұяға барып, жасөспірім балаларды құттықтады. Балаларға сыйлықтар беріліп, отбасыға қажетті азық-түліктер табысталды.
– Қазақта «Отан – отбасынан басталады» деген нақыл бар. Біз көп балалы отбасыны осы мерекемен құттықтадық. Мерекеге орай отбасыға азық-түліктер, балаларға қажетті құралдар табыс етілді. Есепте тұрған отбасы ретінде жанұядаға жасөспірімдермен профилактикалық әңгімелесу жүргізілді, – деді Панфилов ауданы Полиция бөлімі бастығының орынбасары Жамбыл Бакетов.
Өз кезегінде, Алматы облысы Полиция департаменті барлық қазақстандықтарды Отбасы күні мерекесімен құттықтап, отбасыларға амандық, береке мен бірлік тілейді.