Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 800 атыраулық жауапқа тартылды
Отбасы-тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттері үшін 800 атыраулық жауапқа тартылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
2021 жылдың жеті айында Атырау қаласы Полиция басқармасының учаскелік полиция инспекторлары ҚР ӘҚБК-нің 73-бабымен (Отбасы – тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қайшы әрекеттер) 800-ге жуық адамды әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Бұдан басқа, отбасылық-тұрмыстық қатынастар саласында қылмыс немесе құқық бұзушылық жасаудың алдын алу шараларының бірі болып табылатын 1 000-ға жуық қорғау нұсқамасы шығарылса, аталған нұсқаманы бұзған 60-тан астам адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Қорғау нұсқамасы 30 тәулік мерзімге шығарылады және қорғау нұсқамасын бұзу ҚР ӘҚБтК-нің 461-бабына сәйкес ескерту немесе бес тәулікке дейінгі мерзімге әкімшілік қамауға алу түріндегі әкімшілік жауаптылық көзделген.
Айта кетейік, жыл басынан бері 300-ге жуық құқықбұзушылардың мінез-құлқына сот шешімімен ерекше талаптар белгіленген.