Отырар АПБ-нің полицейлері бірнеше құқық бұзушылықты анықтады
Отырар АПБ-нің полицейлері рейд жүргізу барысында бірнеше құқық бұзушылықты анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Отырар АПБ-нің полицейлері аудан ішінде қоғамдық қауіпсіздікті сақтау мақсатында рейдтік іс-шара жүргізді. Шара барысында тәртіп сақшылар Қазақстан Республикасы ӘҚБтК-де көзделген баптармен жалпы 150 әкімшілік құқық бұзушылықты анықтады. Яғни, мас халде көлік басқару бойынша үш азаматқа, ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабымен автокөлікті басқару кезінде қауіпсіздік белбеуін тақпау қағидатымен 55 адамға, жаяу жүргіншілердің жолды белгіленбеген орындарды кесіп өткені үшін 25 адамға ӘҚБтК-нің 615-бабымен және әкімшілік хаттамалар толтырылып, айыппұл салынды. Сонымен қатар полицейлер рейд жүргізу барысында Көксарай ауыл округі «Заренчи» тас жол бойында күдік тудырған көлікті тоқтатады. Көлік құжаттарын тексеру үстінде «Ваз» автокөлігінің ішінен «Иж» маркалы 16 калибрлі қару анықталды. Заңсыз қаруды тасымалдап жүрген азаматқа ҚР ӘҚБтК-нің 482-бабы 1-бөлігімен (Тіркелмеген заңсыз қару және оқ дәрілерді заңсыз сақтау тасымалдау) бойынша әкішілік хаттама толтырылды.
Сондай-ақ отырарлық сақшылармен алдағы уақытта да аудан аумағында қоғамдық тәртіп пен тыныштықты сақтау мақсатында жұмыстар жалғаса бермек. Осы ретте облыс полицейлері ескертеді, егер де сіз тәртіп бұзушылықтың, қоғамдық орында болған құқық бұзушылықтың куәсі немесе құрбаны болсаңыз, тез арада полицияның «102» нөміріне хабар беріңіз.