Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Тәртіп сақшылары жер үйде тұратын қарт адамға қысқы отынмен көмектесті

Нұр-Сұлтан қаласының полицейлері жалғызбасты зейнеткерлерге қысқы отын алуға көмектесті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Тәртіп сақшылары жер үйде тұратын қарт адамға қысқы отынмен көмектесті. Ағаш тиелген автокөлікті үйіне жеткізіп берді.

Жалғыз өзі тұратын қарт әженің ағаш сатып алуға мүмкіндігі жоқ екенін учаскелік полиция инспекторлары әкімшілік учаскені аралап, тексеру барысында білген.

– Менің ағашым таусылып қалған, қазір көшеде сұмдық аяз, мен онсыз да үнемдеп, күніне бір-ақ уақыт от жақтым. Шындығын айтқанда, егер полицейлер маған ағаш әкеліп бермегенде мен үйде үсіп қалатын едім, – дейді тұрғын.


Полицейлер қарт адамға ағаш жеткізіп, оны түсіріп, жарып, қысқа жететіндей етіп дайындап берді.

Дәл сол күні полицейлер үйлерді аралап, тексеру барысында анықталған көмекке мұқтаж отбасыларға да азық-түлік апарды.

Полицейлер қарттарға қуаныш сыйлап, аула қарын тазалап, ағашын жарып, тозып қалған шатырларын жөндеп беруге қашан да әзір.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру