Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Демалыстың орнына түзету жұмыстарын алды

Ақмола облысында ер адам демалыс уақытында арам пиғылын іске асырамын деп, түзету жұмыстарына міндеттелді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бас бостандығынан айырумен байланысты емес жаза түрлерінің бірі – түзеу жұмыстары. Қылмыстық жазаның бұл түрі сотталған адамды еңбекке мәжбүрлеп тартудан тұрады. Оның барысында белгілі бір бөлігі оның табысынан мемлекет кірісіне ұсталады. Ақмола облысында 2020 жылы облыстың ҚАЖД пробация қызметінің есебі бойынша  түзету жұмыстарына 11 сотталған тартылды, қазіргі уақытта есепте төрт адам тұр.

Мысалы, Ақмола пробациясының есебінде 1971 жылы туған жергілікті тұрғын, үш баласы бар әке, есірткі заттарын заңсыз сақтағаны үшін бұрын сотталған, демалысқа шығып, арам ойын іске асырмақ болды. Дегенмен оның демалысы сәтсіз аяқталды, өйткені ол азаматтан «марихуана » тәркіленді. Енді тұрғыннан ай сайын ұстап қалу және жәбірленушілерге өтемақы қорына аудару арқылы 50 АЕК, яғни 138 900 (жүз отыз сегіз мың тоғыз жүз) теңге мөлшерінде түзету жұмыстары міндеттелді. ​

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру