Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші тағы да мас күйде көлік айдады

Ақтөбеде жүргізу құқығынан айырылған жүргізуші тағы да мас күйде көлік айдады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ақтөбе облысының полиция қызметкерлері жол-көлік оқиғаларының алдын алу, жол қозғалысы ережелерін бұзушыларды анықтау мақсатында жүйелі түрде рейдтік іс-шаралар өткізіп тұрады.

Алайда, қабылданып жатқан шараларға қарамастан, көлік құралдарын басқару құқығынан айырыла отырып, мас күйінде басқару фактілері бар.

Мысалы, 10 қаңтарда Қарғалы ауылында патрульдік полиция қызметкерлері қызмет атқару кезінде 51 жастағы әйелдің басқаруындағы “Honda CR-V” автокөлігін тоқтатты, құжаттарды тексеру кезінде одан алкогольдің иісі бары анықталды.

Полицейлер медициналық тексеру жүргізіп, қандағы алкогольдің бар-жоғын көрсетті. Сондай-ақ, әйелдің бұрын көлік құралын басқару құқығынан айырылғандығы, бірақ соған қарамастан ол көлік құралын “жеңіл” мас күйінде басқарғаны анықталды.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 346-бабы 1-бөлігі (Көлік құралын басқару құқығынан айырылған адамның көлік құралын басқаруы) бойынша тергеу амалдары жүргізілуде. Осы баптың санкциясы бес мың айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстары не бір мың екі жүз сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту не бес жылға дейінгі мерзімге бас бостандығын шектеу не сол мерзімге бас бостандығынан айыру, көлік құралын басқару құқығынан өмір бойына айыру түріндегі жазаны көздейді. Автокөлік арнайы тұраққа қойылды.

Автокөлік жүргізушісі Ақтөбе қ.УҰИ-ға қамауға алынды.

Ақтөбе облысының Полиция департаменті азаматтарды мас күйінде көлік жүргізбеуге еркертеді. Сондай-ақ, азаматтарды жол қауіпсіздігі ережелерін сақтауға, жылдамдықты асырмауға шақырады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру