Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Шымкент тұрғыны полицейлерге алғыс айтты

Шымкентте қала тұрғыны полицейлерге алғыс айтты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Қаратау ауданы Полиция басқармасының #59 учаскелік полиция пунктіне Бозарық елдімекенінің тұрғыны келіп, әмиянының жоғалдығын айтып, көмек сұраған. Оның айтуынша, әмиянның ішінде қаражаты мен құжаттары болған. Аталған хабарлама бойынша полиция қызметкерлері жедел іздеу жұмыстарына кірісіп, аз уақыт ішінде жоғалған әмиянды ішіндегі заттармен қоса азық-түлік дүкенінен тауып, иесіне қайтарды.

Азаматша өз кезегінде тәртіп сақшыларына жедел ден қойып, көмек көрсеткендері үшін алғысын білдірді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру