Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Полицейлер зейнеткердің құжатын рәсімдеуге көмек көрсетті

Шымкенттік полицейлер зейнеткердің құжатын рәсімдеуге көмек көрсетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Шымкент қаласының Полиция департаменті Еңбекші ауданының Полиция басқармасы көші-қон қызметі бөлімінің қызметкерлері зейнеткердің үйіне барып, жеке басын куәландыратын құжатын рәсімдеп берді. 1942 жылы туған қарт ананың құжатының мерзімі біткен. Осыған байланысты құқық қорғаушылар жүріп-тұруы қиын егде жастағы азаматшаға көмек көрсетті.

Қарт ана, өз кезегінде, полицейлерге алғысын айтып, жұмыстарына үлкен жетістіктер тіледі.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру