Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Өзіме қол жұмсаймын”: Атырау тұрғыны полицияға жалған хабарлама берді

Атырау тұрғыны өзіме қол жұмсаймын деп полицияға жалған хабарлама берді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

22 мамыр күні сағат 12:30 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының “102” операторына белгісіз ер адам қоңырау шалып, мен ертең суға секіріп өлемін деп хабарлама берген. Байланыс аясынан ажыраған азырданушы полиция қызметкерлерінің алаңдатушылығын туғызды.

Полиция қызметкерлерімен тексеру барысында берілген ақпараттың жалған екендігі анықталып, полицияға жалған хабарлама берген 1988 ж.т қала тұрғыны екені анықталды.

Ер адам қалжың үшін полицияға телефонынан орта дәрежелі масаң күйде қоңырау шалған. Аталған факт бойынша оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабының 1-бөлігімен (Мемлекеттiк өртке қарсы қызмет органдарын, полицияны, медициналық жедел жәрдемдi, авариялық қызметтердi көрiнеу жалған шақыру) бойынша әкімшілік хаттама толтырылып, 30 АЕК көлемінде айыппұл салынды.

 

Айта кету керек, жыл басынан бері полиция 18 жалған хабарлама қоңырау келіп түскен. Өз кезегінде Атырау қаласы Полиция басқармасы тұрғындардың назарына арнаулы қызметтердi көрiнеу жалған шақырған жағдайда, ҚР ӘҚБтК-нің 438-бабы бойынша жауапкершілікке тартылатындығы жөнінде ескертеді

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру