Пайызсыз несие алып беруді уәде еткен заңгер алматылықтарды алдап кетті
Пайызсыз несие алып беруді уәде еткен заңгер алматылықтарды алдап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
29 жастағы Т.есімді азамат заңгерлік кеңседе заңгер ретінде интернетте азаматтарға екінші деңгейлі банктер арқылы пайызсыз несие алуға көмектесемін деп өз қызметін ұсынған.
– Тергеу барысында оның пайдакүнемдік мақсатта интернетте пайызсыз несие алуға көмектесетіні туралы жалған хабарландырулар жариялағаны анықталды. Тіпті нашар несие тарихы бар адамдарға да көмектеспек болған. Қарыз алушылармен келіссөздер тек WhatsApp мессенджері арқылы ғана жүргізілді. Ер адам электрондық аударым арқылы қызмет ақысын алған, содан кейін ол хабарландыруды алып тастап, ұялы телефонды өшіріп тастаған, – деді Алматы қалалық ПД Криминалдық полиция басқармасының бастығы Қуатбек Науатов.
Ұсталған азаматқа қатысты ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Ол қамауға алынды. Қазіргі уақытта үш адам арыз жазды.