Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 млн теңгесінен айырылды

Көкөніс сатып алмақ болған екібастұздық 4 миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар қаласының полициясына Екібастұз қаласының 31 жастағы тұрғыны жүгінді, ол алаяқтардың кезекті құрбаны болды.

– Танымал сайттардың бірінде ер адам картоптың ірі партиясын сатамын деген хабарландыруды көрген. Оған көлемі мен бағасы ұнағандықтан, ол көкөністерді қолайлы бағамен сатып алғысы келіп, сатушымен байланысқа шыққан. “Сатушының” өзі қарым-қатынасқа ынталы болды, тұрғынға алдын ала төлем ретінде және жеткізгені үшін 4 млн. теңге аударуға көндірді. Ер адам осы шарттарға келісіп, оның картасына ақшаны аударып, күтті, бірақ белгіленген күні картоп жеткізілмеді, ал “сатушы” байланысын үзді. Оқиға фактісі бойынша полицияда ҚР ҚК-нің 190-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Рашад Өтеуов.

Бүгінгі таңда алаяқтың қармағына тағы үш адам түскені белгілі болды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру