Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақсу қаласында бұрын сотталған ер адам тұрғынның үйіне ұрлыққа түсті

Ақсу қаласында бұрын сотты болған ер адам тұрғынның үйінен самауыр мен тонометр ұрлап кетті, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облысы Ақсу қаласының полициясына тұрғыннан хабарлама келіп түсті, ол өз үйінде 31 мың теңгеге тауар жетіспейтінін айтты.

– Жедел-іздестіру шаралары барысында полиция қызметкерлері қылмыс жасаған күдіктіні анықтап, ұстады. Ол бұрын сотталған 33 жастағы жергілікті тұрғын болып шықты. Анықталғандай, ер адам түнде біреудің жазғы ас үйіне кіріп, бір банка қарақат джемін ұрлап кеткен. Сонымен бірге ол самауыр мен тонометрді қоса ұрлаған. Ұрланған мүліктің бір бөлігі ғана алынды, – деді Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Аталған факті бойынша ҚР ҚК 188-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру