Павлодарда ІІМ ардагерлері күніне орай спорттық жарыстар өтті
Павлодарда ІІМ ардагерлері күніне орай спорттық жарыстар өтті, - деп хабарлайды Polisia.kz.
Ішкі істер министрлігі ардагерлері күні қарсаңында Павлодар қаласында шағын футбол мен үстел теннисінен спорттық жарыстар ұйымдастырылды. Іс-шара ведомствоаралық өзара іс-қимылды нығайтуға, салауатты өмір салтын насихаттауға және ұрпақтар сабақтастығын сақтауға бағытталды.
Жеңіс жолында қылмыстық-атқару жүйесі департаментін, полиция департаментін және мамандандырылған күзет қызметі басқармасын таныстырған төрт команда бақ сынады.
Жарысқа қатысушыларға арнап құттықтау сөз сөйлеген Павлодар облысы ҚАЖ департаменті бастығының орынбасары Азат Арықов ардагерлерге көп жылғы адал қызметі, кәсібилігі, ішкі істер органдарының дамуына қосқан елеулі үлесі, сондай-ақ жас қызметкерлерді тәрбиелеу жолындағы еңбегі үшін шынайы алғысын білдірді.
Жарыс қорытындысы бойынша Павлодар облысы ҚАЖ департаментінің командасы құрметті үшінші орынға ие болды. Бірінші және екінші орындарды тиісінше полиция департаменті мен мамандандырылған күзет қызметі басқармасының командалары иеленді.
Сонымен қатар команда мүшелері жеке жетістіктері үшін де марапатталды:
Шағын футболдан "Үздік шабуылшы" номинациясы Нұртaй Идрисовқа берілді.
Үстел теннисінен Ниязбек Оразалинов екінші, Марат Байғұжинов үшінші орын иеленді.
Мұндай спорттық кездесулер ардагерлерге құрмет көрсетудің маңызды мүмкіндігі ғана емес, сонымен қатар олардың мол кәсіби тәжірибесін, қызметтік борышқа адалдығын және өмірлік ұстанымдарын жас буын қызметкерлерге үлгі етудің жарқын көрінісі болып табылады.
