«Пәтер алып беремін»: Шымкентте тұрғын миллион теңгесінен айырылды
Шымкентте тұрғын алаяққа алданып, миллион теңгесінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Шымкент ҚПД Еңбекші АПБ-на жергілікті жердің тұрғыны арызданған. Ол өз арызында 2020 жылдың 21 тамызында белгісіз тұлға нөлдік пайызбен пәтер алып беремін деп алаяқтық жолмен алдап, 1 миллион теңге ақшасын алып кеткенін айтып көрсеткен.
Аталған жайт негізінде ҚР ҚК-нің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру бірыңғай тізіліміне тіркелді.
Тергеп-тексеру барысында Еңбекші АПБ ЖПҚБ учаскелік полиция қызметкерлерімен жедел-іздестіру іс-шараларын жүргізу барысында Шымкент қаласының тұрғыны анықталып, жеткізілді. Қазіргі таңда тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде. Жәбірленушінің ақшасы өзіне қайтарылды.