Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодарда 10 жасар бала дүкеннен қымбат техниканы ұрлап отырыпты

Павлодарда 10 жасар бала дүкеннен қымбат техниканы ұрлап отырыпты, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Бірнеше күн бұрын Павлодар полицейлері 10 жасар баланың ұрлығын ашты. Бала қымбат ойыншықтармен ойнауды армандаған.

– 3 қарашада полицияға қаладағы сауда үйлерінің бірінің басқарушысынан хабарлама келіп түсті. Ер адам бейнебақылау камерасының көмегімен сандық техниканың ұрлануын анықтағанын айтты. Сондай-ақ дүкен басшысы 8-15 қазан аралығында кәмелетке толмаған бала “ойын консолі”, “квадрокоптер”, “геймпад”, “ақылды қауіпсіздік түймесі” және басқа да тауарларды ұрланғанын айтты. Жалпы шығын 183 мың теңгені құрады, – деп хабарлады Павлодар облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында тәртіп сақшылары 10 жасар баланы анықтады. Ұрлықтан кейін бала қораптарды лақтырып, технианы үйіне әкеліп, ата-анасына достарынан ойнау үшін алғанын айтқан.

Баланың анасының айтуынша, ол бұл техниканы үйде көрген, бірақ аса мән бермеген, өйткені ол ұлының сөзіне толық сенеді.

Полицейлермен сөйлескен кезде бала бұл қымбат “ойыншықтарды” көптен бері армандағанын мойындады, сол себепті ол сауда орталығына жиі барып, мұқият қараған. Бірақ тілегі ар-ұжданнан басым болып шығып, ол гаджеттерді “алуға” шешім қабылдады. “Ұсталып қаламын” деген ой болмағандықтан, бала полицейлерді көргенде таң қалды.

Ата-анасымен алдағы уақытта осындай фактілерге жол бермеу туралы профилактикалық әңгіме өткізілді.

Полиция бұл жағдайда кәмелетке толмаған баланың іс-әрекетінде ұрлық бар екенін атап өтті, алайда қылмыстық құқық бұзушылық жасалған уақытта он алты жасқа толған, ақыл-есі дұрыс жеке тұлға Қазақстан Республикасы ҚК-нің 15-бабына сәйкес қылмыстық жауаптылыққа жатады. Осыған байланысты материал кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссияға жіберілді, онда кәмелетке толмағандардың да, оның заңды өкілдерінің де мінез-құлқы қаралады.

Сондай-ақ ата-анаға қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 127-бабы 3-бөлігі бойынша (Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу, оның құқықтары мен мүдделерін қорғау жөніндегі міндеттерін орындамау) қылмыстық құқық бұзушылық белгілері бар қасақана іс-әрекет жасауға әкеп соққаны үшін әкімшілік іс қозғалды. Материал сотқа жіберілді.

Айта кетейік, жылдың басынан бері Павлодар облысының аумағында кәмелетке толмағандар 21 қылмыстық құқық бұзушылық жасап, 19 кәмелетке толмаған қылмыстық жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру