Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

«Пәтер ұтып алдыңыз»: Сарыағашта алаяқтыққа қатысы бар қарағандылық әйел анықталды

Сарыағашта алаяқтыққа қатысы бар қарағандылық әйел анықталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сарыағаш АПБ-ға жергілікті тұрғын әйел хабарласып, алаяқтың құрбаны болғанын айтқан. Оның айтуынша, белгісіз адам телефон арқылы қоңырау шалып «пәтер ұтып алдыңыз, оны алу үшін 500 000 теңге аудару керексіз» деп есепшотына 500 000 теңге аудартып, алаяқтық  жолмен алдағанын көрсеткен.

Аталған жайтты Сарыағаш АПБ-ның полицейлері ҚР Қылмыстық Кодексінің 190-бабы (Алаяқтық)  бойынша тіркеп, іздестіру жұмыстарын бастап кетті.

Сарыағаш полицейлері жедел-іздестіру жұмыстарын жүргізіп, күдікті деп танылған Қарағанды қаласының әйел тұрғынын анықтап, полиция бөліміне жеткізді.

Күдікті әйелдің жәбірленушіге жалған ақпарат беріп, ақшаны өз қажетіне жаратқаны белгілі болды. Қазіргі таңда тәртіп сақшылары оқиғаның толық мән-жайын тексеруде. Ұсталған  әйелдің бас шарасы қолхатта.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру