Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

ШҚО полицейлері “скорость” есірткісін қойып кетушілерді ұстады

ШҚО полицейлері “скорость” есірткісін жеткізушілерді қолға түсірді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері Полиция департаментінің арнайы бөлімшесімен бірлесіп “Қарасора-2021” республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізу барысында облыс орталығында “скорость” психотроптық затын жеткізушілер ұсталды.

– Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында облыс орталығының Сол жағалау кентінің Тополиная роща ауданында Қарағанды облысының 25 және 23 жастағы екі тұрғыны ұсталды. Олар Куленов кентінің элиталық тұрғын үй кешенінде тұрған. Өскемен қаласына психотроптық заттардың жеткізушісі болып жұмыс істей отырып, табыс табуға ниеттенген. Ұсталғандардан барлығы 800-ден астам доза алынды, олардың құны қара нарықта бес миллион теңгеден астам, сондай-ақ өлшеуге арналған құрылғылар мен дозаларды орауға арналған құрылғылар алынды ,- деді Шығыс Қазақстан облысы Полиция департаментінің бастығы Сағат Мадиев.

Ұсталғандар қамауға алынды, ҚР ҚК-нің 297-бабы 3-бөлігі (Аса ірі мөлшерде есірткі заттарын заңсыз өткізу бойынша 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы көзделген) бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру