Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында ЖКО саны 7%-ға төмендеді

Павлодар облысында ЖКО саны 7%-ға төмендеді, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Ағымдағы жылдың өткен кезеңінде Павлодар облысының аумағында 278 жол-көлік оқиғасы тіркелген, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңінен 7%-ға төмен. Облыс жолдарындағы оқиғалардың нәтижесінде, өкінішке орай, 20 адам қаза тапты, тағы 410 адам жарақат алды.

Полиция аталған кезеңде мас жүргізушілердің кінәсінен алты ЖКО орын алғанын, соның салдарынан бір адам қаза тапқанын, сегіз адам түрлі дәрежедегі жарақат алғанын атап өтті.

Бұл ретте полиция күнделікті жүргізген рейдтік іс-шаралардың нәтижесінде мас күйінде көлік құралдарын басқарғаны үшін 854 жүргізуші жазаланды. Барлық жүргізушілер жауапкершілікке тартылды, оларға қатысты материалдар облыс соттарында қаралды, олардың шешімімен жүргізуші куәлігінен айырылды және 10 немесе 15 тәулікке қамауға сотталды.

Жасқайрат Қайыров кәмелетке толмағандардың қатысуымен болған оқиғалар ерекше бақылауда екенін хабарлады. Мәселен, облыс жолдарында 52 жол-көлік оқиғасы тіркелді, соның нәтижесінде 63 бала жарақат алды.

– Жаяу жүргіншілер де тәртіпті емес. Күн сайын полицейлер түсіндіру жұмыстарын жүргізсе де, кейбір азаматтар ескертулерге құлақ аспай, ойлануы мүмкін. Ағымдағы жылдың басынан бері полицейлер 3 745 жаяу жүргіншіні жауапкершілікке тартты. Сонымен қатар аймақ жолдарында 88 оқиға жаяу жүргіншілердің кінәсінен орын алды, соның салдарынан бес адам қаза тапты, тағы 85 адам түрлі жарақаттармен ауруханаларға жатқызылды, – деді Павлодар облыстық Полиция департаменті бастығының бірінші орынбасары Жасқайрат Қайыров.

Айта кету керек, ағымдағы жылдың басынан бері Павлодар полицейлері жол қозғалысы ережелерін бұзғаны үшін 74 621 жол қозғалысына қатысушы жауапкершілікке тартылды.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру