Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар колониясынан сотталған адам Арменияға экстрадицияланады

Павлодар колониясынан сотталған адам Арменияға экстрадицияланады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Сотталушының Армения Республикасының азаматы екені белгілі. Екі жыл бұрын Қазақстан аумағында қылмыс жасаған. Павлодар облысы бойынша ҚАЖД АП-162/4 мекемесінің түсіндіруі бойынша сотталушы өзін жақсы ұстаған және отбасымен кездесе алуы үшін экстрадициялауға құжаттар тапсырған. Сотталғандарды азаматтық елдеріне ауыстыру туралы материалдарды дайындауды және жіберуді ұйымдастыру колонияның арнайы есепке алу бөлімінің мойнына жүктеледі.

Жақын арада бұл сотталған бірінші рейспен Армения Республикасына экстрадицияланады. Арменияда қамауда ұстау мерзімі ұқсас болады.

Жыл басынан бері мекемеден екінші адам экстрадицияланды, бірінші сотталған адамның Ресей Федерациясына жол тартқанын арнайы есепке алу бөлімінің бастығы Балжан Бұршақбаева айтып өтті.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру