Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

“Демалғысы келді”: Павлодар облысында іздеуде жүрген сотталған табылды

Павлодар облысының аудандық орталығында іздеуде жүрген сотталған табылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

44 жастағы Павлодар тұрғыны денсаулыққа ауыр зиян келтіргені үшін сотталып, жазасын колонияда өтеп жатқан. 2018 жылы сот оның бас бостандығынан айыру жазасын бас бостандығын шектеуге ауыстырды.

– Тіркеуден өткеннен кейін босатылған адам бас бостандығын шектеу түріндегі жазаны өтеу тәртібімен таныстырылды, сонымен қатар пробациялық бақылаудан жасырыну үшін жауапкершілігі туралы ескертілді. Жүргізіліп жатқан жұмыстарға қарамастан, ағымдағы жылдың шілде айында сотталған тұрғылықты жерінен қашып кеткен, – деп түсіндірді Май ауданының пробация қызметінде.

Тамыз айында пробациядан жасырынған азамат іздеуге жарияланған болатын. Аққулы аудандық полиция бөлімі мен Май ауданының пробация қызметі қызметкерлерімен жедел іздестіру іс-шаралары барысында оның тұрған жері анықталды.

– Сотталғанның өзiнiң айтуынша, осы уақыт бойы ол түрлі ауылдық округтерде тұрып, шопан немесе жұмысшы болып жұмыс iстеген. Демалғысы келіп, пробациядан жасырынды. Қазір қашқын тергеу изоляторына қамалды, – деді Павлодар облысы бойынша ҚАЖД баспасөз қызметінде.

Ведомствода түсіндірілгендей, сотқа жазаны бас бостандығынан айыру жазасына ауыстыру туралы ұсыныс жіберілді. Пробацияның ұсынысы қанағаттандырылса, ол қалған мерзімін қауіпсіздігі орташа мекемеде өткізеді.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру