Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Павлодар облысында тәртіп бұзған 5 сотталған басқа колонияға ауыстырылды

Павлодар облысында тәртіп бұзған 5 сотталған басқа колонияға ауыстырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Жазаны өтеудің белгіленген тәртібін қасақана бұзғаны үшін Қылмыстық кодексте мекеме түрін ең төменгі қауіпсіздіктен орташа қауіпсіздік мекемесіне өзгерту көзделген. Бұл үшін мекеме әкімшілігі Қазақстан Республикасы Қылмыстық-атқару кодексінің 96-бабына сәйкес мінез-құлқының үшінші теріс дәрежесі бар сотталғаннның мекеме түрін өзгерту туралы ұсынысын сотқа жібереді.

– Көбінесе сотталғандар тыйым салынған заттарды алып жүру, мекеме орналасқан жерге мас күйінде оралу сияқты құқық бұзушылықтарға барады. Мекеме қызметкерлеріне қатысты әдепсіз сөздер айту фактілері болған. Жылдың басынан бері Қылмыстық атқару жүйесі департаментіне қарасты № 44 мекмеде осыған ұқсас 5 факті тіркелген. Қамау шарты қатанырақ басқа мекемелерге ауыстыру жұмыстарының жүргізілуі оң нәтиже беріп, өзгелерге үлгі-өнеге беруде, – деп түсіндірді мекеме басшысы Ардақ Иманғалиев.

Айтпақшы, абайсызда қылмыс жасағаны үшін сотталғандар және бірінші рет ең төменгі қауіпсіздік мекемесінде жазасын өтеп жатыр. Бас бостандығынан айыруға сотталғандар жазасын өтеудің барлық кезеніңде мінез құлқы мен еңбекке деген көзқарасына қарай мекеме түрін өзгертуі мүмкін.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру