Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола облысының тұрғынын жаңа танысы тонап кетті

Ақмола облысында ауыл тұрғыны бейтаныс адаммен танысып, мүлкінен айырылды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

21 қазанда Степногорск қаласының Полиция басқармасына жақын маңдағы ауылдардың бірінің 51 жастағы тұрғынының өтініші келіп түсті. Ер адам 18 қазан күні сағат 20.00 шамасында бейтаныс адам оған тиесілі ұялы телефонды және 130 мың теңгені ашық түрде ұрлап кеткенін хабарлады.

Ауыл тұрғынының айғақтарына сәйкес, егін жинау науқаны біткеннен кейін ол Степногорск базарына келген, бұл жерде жергілікті тұрғынмен танысып, онымен бірге дәмханаға барған.

Алкоголь өнімдерін бірге ішіп, жаңа танысы жәбірленушіге пәтеріне дейін апарып тастауға ұсыныс тастаған. Алайда қаскөй жәбірленушіні соққыға жығып, ұялы телефон мен ақшасын тартып алған. Залалдың жалпы сомасы 220 мың теңгені құрады.

Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында криминалдық полиция бөлімінің қызметкерлері күдіктіні анықтады. Ол бұрын ҚР ҚК 191-бабы бойынша қылмыстық жауапкершілікке тартылған 36 жастағы қала тұрғыны болып шықты.

Полиция басқармасы осы факті бойынша ҚР ҚК 191-бабының 2-бөлігіне сәйкес “Тонау” бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеруді бастады.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру