Ақпараттық медиа-портал POLISIA.KZ

Ақмола полицейлері ұқсас екі көлікті анықтады

Ақмола полицейлері ұқсас екі көлікті анықтады, – деп хабарлайды Polisia.kz.

Патрульдік полиция ротасының қызметкерлері қызмет көрсетілетін учаскеде жол қозғалысын бақылауды қамтамасыз ету кезінде шетелдік көлікті анықтады. 20 қазанда Астана-Қорғалжын автожолының 29 шақырымында полиция қызметкерлері Медет Шаймерденов пен Нұртілек Нарегеев Целиноград ауданы Талапкер ауылының 21 жастағы тұрғынының басқаруындағы шетелдік есептегі Toyota Estima автокөлігін тоқтатты.

Белгілі болғандай, дәл осындай маркалы, нөмірі ұқсас автокөлік Батыс Қазақстан облысында тіркелген. Банктік қосымшада көліктің түпнұсқасының иесіне биылғы жылдың 27-29 қыркүйегі аралығында Ақмола облысының аумағында жасалған жылдамдық режимін бұзғаны үшін айыппұлдар туралы хабарламалар келіп түскен. Шетелдік көлік иесінің айтуынша, ол осы кезеңде Ақмола облысында болмаған. 36 жастағы қазақстандық бұл мәселе жайында полицияға жүгінді.

Бұл фактіге сәйкес ҚР ҚК 386-бабының 1-бөлігі “Көлік құралының сәйкестендіру нөмірін қолдан жасау, жою, көрінеу қолдан жасалған сәйкестендіру нөмірі бар көлік құралын өткізу” бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүргізілуде. Ұқсас көлік айыппұл тұрағына тұрғызылды. Сараптама тағайындалды. Тексеру жүргізілуде.

Сондай-ақ оқыңыздар

Жауап қалдыру