Павлодар колониясында сотталғандармен экосөмке-шопперлер тігілді
Павлодар колониясында сотталғандармен экосөмке-шопперлер тігілді, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысының АП-162/3 қауіпсіздігі орташа мекемесінде жазасын өтеп жүрген сотталғандар 200 экосөмке тікті.
– Алты сотталған бір апта ішінде мекеменің өндірістік аймағының тігін цехында 200 шоппер тікті. Сөмкелердің эскиздерін колония қызметкерлері ұсынды. Материалды Еңбек-Павлодар РМК өкілдері сатып алды. Өнімдер экологиялық таза мақта-мата материалынан тігілген, – деп түсіндірді АП-162/3 мекемесінің бастығы Қуаныш Койчубаев.
Шопперлер Павлодардағы ауылшаруашылық жәрмеңкесінде тегін нанмен бірге таратылды.
– Бұл акция Павлодар қаласының ішкі саясат бөлімі және волонтерлермен бірлесіп ұйымдастырылды. Бұл шара Дүниежүзілік нан күніне орайластырылған. Волонтерлер 600 бөлке нан таратты, – дейді ҚАЖД өкілі Динара Махмудова.
Қала тұрғындары жаңа піскен нанды қуана қабылдады, сөмкелер керемет қосымша болды.
Айтпақшы, бір күн бұрын АП-162/4 колониясының қызметкерлері қаладағы дүкендердің сөрелеріне 200 бөлке жаңа піскен нан тегін қойды.