Павлодар колониясында ұшақтарды ұшыру чемпионаты өтті
Павлодар колониясында ұшақтарды ұшыру чемпионаты өтті, – деп хабарлайды Polisia.kz.
Павлодар облысы бойынша ҚАЖД қауіпсіздігі барынша төмен АП-162/2 мекемесінде сотталғандар арасында қағаз ұшақтарды ұшыру бойынша жарыстар өткізілді. Бұл іс-шара Космонавтика күніне орайластырылды. Байқауға бас бостандығынан айыруға сотталған барлығы 26 адам қатысты.
Жеңімпаздар үш номинация бойынша анықталды: «Үздік дизайн», ұшыру кезінде – «Қашықтығы ең алыс» және «Ең ұзақ уақыт ұшу». Рәсімдеу бойынша ерлер бірінші орынды мекеменің әйелдер жартысына берді, онда судьялардың бірауыздан шешімімен 37 жастағы сотталған өз еңбегі үшін құрмет грамотасымен марапатталды.
– Мекемеде сотталғандардың бойында жауапкершілік, тәртіптілік, бастамашылдық, жігерлік сынды тұлғалық қасиеттерді дамытуға бағытталған іс-шаралар тұрақты түрде жүргізілуде, түрлі байқаулар мен жарыстар өткізуде осыған басым көңіл бөлінеді, – деді мекеме бастығының орынбасары Сұлтан Бакин.
Байқаудың бас жүлдесі демалыс күні таңғы 09:00-ден кешкі 18:00-ге дейін қалаға шығуға рұқсат болды. Айтпақшы, АП-162/2 мекемесі – бұл қоныс-колониясы, мұнда абайсызда жасалған қылмыстары үшін жазасын өтейді.